Ағаш кесіп, табиғатты ластаған адамдарды қатаң жазалау керек – Мәжіліс депутаты
Ағаш кесіп, табиғатты ластаған адамдарды қатаң жазалау керек – Мәжіліс депутаты
1,050
оқылды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы  бірінші оқылымда мақұлдады. Жиында баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов бұл салада құқық бұзған азаматтарды қылмыстық жəне əкімшілік жауапқа тарту тəртібін қатайту қажеттігін атап өтті. «Қаралатын заң жобалары: жерді бүлдіру, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, жер қойнауын өз бетінше пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимін бұзу, орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдiру, ластау және орман қорының жерлерiне өзге де залал келтiру, ағаш кесілген жерлерді кесілген ағаш қалдықтарынан уақтылы тазартпау, орман соқпақтары мен кеспеағаш аймағына іргелес аумақтарды қоқыс тастағаны үшін жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған», – деді депутат. Депутаттың айтуынша, бұл заң жобаларын қабылдау экологиялық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан заңнамасын жетілдіреді. Сондай-ақ экологиялық құқықтық сана деңгейін және азаматтардың қоршаған ортаны қорғау бойынша конституциялық міндеттерін арттыруға, экологиялық салада қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттардың әрекетін бейтараптандыруға, қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алуға ықпал етуге, теріс қылық санатынан қылмыс санатына ауыстыру және құқықбұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату арқылы ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың аумағында тиісті қызмет түрлерін іске асыратын тұлғалардың жауапкершілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.