Мекемтас МЫРЗАХМЕТОВ, ғалым: Түбінде абайтану Семейде емес, Шымкентте қалады
Мекемтас МЫРЗАХМЕТОВ, ғалым: Түбінде абайтану Семейде емес, Шымкентте қалады
608
оқылды
Абайды зерттеу бұрынғыдан тереңдеп кеткен. Себебі қазір дүние­таным өзгерген. Бұрынғы біздің төбемізге көтеріп жүрген атеистік, материалистік көзқа­рас жалған болып шықты. Енді кванттық физиканың өкіл­дері бір Алланың бар екенін дә­лел­деп берді. Сондықтан қазір қоғамда ғалымдардың бәрі дағ­да­рыста. Қайда барарын біл­мей қаңғалақтап жүр. Бұрын бәрі материалистік, лениндік, мар­кстік жолға түсіп алған еді. Енді бірден өзгеріп кетті. Ал Абайдың өзі өзгеріске ыңғайлы және діндар ақын. Әрине, молда емес, бірақ  діннің тарихын терең білетін адам. Сондықтан қазір Абайды зерттеуге келуші­лерге де қиындық туып жатыр. Себебі зерттеушілер Ислам және басқа да діндердің шығу тари­хын білмесе, шариғаттан ха­бары болмаса Абайға кіре ал­май­ды. Әуезов «Абайдың ба­ты­сынан шығысы басым» де­ген болатын. Ал біз соның бә­рін терістеп келдік. Енді керісінше сол теріс деген адам­­дардың ой пікірлері қазір теріс болып шықты. Біз бұрын Абайды материстік танымның аясында танысақ, енді ой-санаға қарай жүруіміз керек. Бұл дүниені билейтін материя емес, оны билейтін ұлы сана дегенге келді. Ол кезде Греция дамыған, көп құдайға табынып жататын. Сон­дық­тан дүниежүзінде адамзат баласына алғаш рет тәңірлік дін арқылы бір жаратушының бар екенін ата-бабамыз айқындап кетті. Одан кейін оны теріс деп жүр­гендер бәрібір шындық еке­ніне көз жеткізді. Ендігі зерт­теу­дің барлығы осы тұрғыда бола­ды. Алайда жоғарыда айтып өтке­нім­дей, қазір оған зерттеу­ші­лер дайын емес. Тереңдей алмай жатыр. Олар көп болса ағылшын және орыс тілін біледі. Оған қазір Ясауиді білетін, терең исламдық білім-танымы бар адамдар керек болып тұр. – Мекемтас аға, еліміз өзіңізді абай­танушы деп біледі. Абайды зерт­­теуге бүкіл ғұмырыңызды ар­нап келесіз. Биыл міне, ұлы баба­­мыз­дың 175 жылдығы мемле­кет және ЮНЕСКО көлемінде той­­ланбақ. Әуезовтен те бата ал­­ғансыз. Осынау мерейтойға қан­дай дайындығыңыз бар? Не үлес қос­пақ­шысыз? – 175 жылдық мерейтойға орай 15 томдық еңбек дайындадым. Жинағым мемлекет тарапынан қолдау тауып, қаржы бөлінді. Бүгінде баспада дайындалып жатыр. Семей қаласында өтетін Абайдың туған күніне арналған мерекелік шарада тұсаукесері болады деп күтіп отырмын. Ме­рей­тойға ЮНЕСКО-ның төра­­ғасы да келеді. – Абайды қанша жылдан бері зерттеп келесіз. Осынша еңбектен Абай­ға ден қойғанда оның сізді ерек­ше таңғалдырған қыры немесе ерекше бас игізген еңбегі қайсы деп айтар едіңіз. – Абайдың қыры жыл өткен сайын жарқырай береді ғой. Атап өтер үлкен жаңалық, Абайдың бір қара сөзінде «толық адам» ілімі дегені бар. Мұндай ілім бас­қа халықтарда жоқ және бұл бір­ден туа салған емес, мұның тарихы әріде жатыр. Түркі ха­лық­тарында Алып Ер Тұңға деген өзі жомарт, бай кісі болған. Соның ақи деген ілімі болған. Ақи деген, яғни жомарттықты біл­діреді. Ол замандарда да биз­нес болатын. Әлгі кісі барған же­рінде халыққа көмектесіп жүр­­ген. Тапқанынан отбасына же­­те­тінін алады да, қалғанын елге таратып беріп отырады. Мұн­дай үрдіс 7-11-ғасырда түр­кі­лерде кең тарайды. Бұл – ахи­дың дәуірі. Қазақтың «Бір жылдығын ойлаған бидай егеді, он жылдығын ойлаған тал егеді, мәңгілігін ойлаған баласының санасына ізгілік егеді» деген сөзі бар. Мен осыны ұстадым. Мұндай сөзді бұрын ешқандай ұлт айта алмаған. Ахидан кейін әл-Фарабидің «парасатты адам» деген идеясы шықты. Онда ел басқаратын адамның он екі түрлі қасиеті болуы керек дейтін. Одан кейін «Құтадғу білік», сосын «Кабуснама» шықты. Кейін мұны Ахмет Ясауи алып шығып, ол Абайға жалғанды. Ал осыдан соң барып ХХ ғасырдың басында Шәкәрімнің ар ғылымы шықты. Міне, бұл біз ұстауымыз тиіс алтын арқау. Мұқаң мұны білсе де, іштей тынды. «Батысынан Шығысы басым» деген сөзі үшін де таяқ жеді ол. Көрдің бе, сонда анау ақи­лар­дан бері қарай жомарттардан кейін 6 саты болған. Ал Қытай елі біздің заманымыздан бері 500 жыл бұрын «жақсы адам» дегенді көтерді. Осы кезде Конфуций шықты да, мұны тоқтатты. Әрі қарай дәстүр болмай қалды, да­мыған жоқ. Айталық, Авеста де­ген Зороастиризм дінінің қа­сиет­ті кітабы бар. Мұнда да­ра деген құдай бар. Әйел – құ­дай. Адамгершіліктің негізі со­ның аузымен айтылады. Ал тұ­ран же­рінде бірінші рет адам­гер­шіліктің ілімі біздің елде жасал­ған. Тұран деген біздің бұрынғы жеріміз. Арабтар келіп, Тұранды жоқ қылды, орнына Түр­кіс­тан­ды қойды. Кейін орыс­тар келіп, Түркістанды жойды да, Орта Азия дегенді қойып, Тұ­ран деген атағымызды мүлдем жой­ды. Болмаса Иран-Тұран болып отырғанбыз. Олар әдейі жоғалт­ты. Себебі түрік халықтары Тұран дегенде аяқтарынан тік тұратын. – Жалпы, осы Абайдың «толық адам ілімі» қайдан пайда болды деп ойлайсыз? – Батыстың генерал губер­на­то­ры Сперанский патшаға жазған хатында: «Қазақтың даласында сек­сеуіл деген ағаш бар, оны ұр­саң жарылмайды, ал өзін-өзі­не ұрсаң быт-шыт болады. Сон­дықтан «сексеуіл» тәсілін өздеріне қолданайық» дейді. Осылайша, бұл тәсіл алғаш рет Түлкібас ауданының Майлыкент ауданында тәжірибе ретінде қолданылды. Осы жүйе жүзеге асып, қазақтың мінезі өзгеріп кетті. Абайға дейінгі моральды-мо­налиттік көзқарасымыз ыды­рап, біріміздің-біріміз жаға­мыз­дан алатын, айқай-ұйқайы көп, талас-тартысты, арызқой, өтірікші суайт қалыпқа түсіп кеттік. Осыны Абай көрді. Ха­лық­ты бұл тажалдан сақтау керек болды. Қалай сақтайды? Содан барып, өзі көп оқыған толық адам ілімін жасап шықты. Мен мұны алғашында білмедім. Докторлықты қорғаған кезде де толық адамның не екенін түсін­бедім. Неге шығарған де­ген ой келіп, кейін іздестіре, зер­т­тей бастадым. 20 жылдай іздеп, бірнеше мәрте оқып, жүйесін таптым. Одан соң барып толық адам туралы мо­но­графия дүниеге келді. Таяу күндері жарияланады. Енді бүкіл қазақтың жастарына сол толық адам ілімін оқытып, өзін рухани тазартуымыз керек.  

Абай туралы тоғызыншы сыныпта ат­тап-пұттап өтіп, оқылмай қалған. Абай осы­лайша менің ұғымымда бол­ма­ған. Аспиран­ту­ра­ға түсуім керек болды. Бес балам бар, жасым 31-де. Тез оқып, кан­дидат болуым керек. Жеңіл тақырыпқа жүгірсем, академик Қажым Жұмалиев қайтарады. «Абайды аласың» дейді. Мен біл­мей­мін деп айта алмаймын. Бәрі тақы­рып алып қойды. Осылай 3 ай жүрдім. Бір күні Қажекең: «Абай­­ды алсаң, ал. Алмасаң, есік ашық, кете бер» деп ашық айт­­ты. Өзім аспирантураға зорға түс­кенмін, көндім.

  Жалпы, патшалық ресей біз­ді адам қылайын деген жоқ. Қазақ пен ноғайды жер бе­ті­­нен жоқ қылып, түбінде біз оты­руымыз керек деген ой бол­­­ды. Осы оймен қиғылықты сал­ды-ай келіп. Компартия аш­­тық­ты қолдан жасады. Осы­лай­­­ша, халқымыздың өсуін тоқ­­та­тып қойды. Өскен сайын өркен жаятынымыз белгілі ғой. Болмаса мынау тұрған көрші өзбек халқының саны 1916 жылы 2 миллионға да жетпейтін. Ал біз ол кезде 8 млн болатынбыз. Қазір олардың саны бізден 12 есеге өсіп кетті. Ресей біз­ге еш уақытта жақсылық жа­са­ған жоқ. Қолдан халық жа­уын жасап, түгелдей айдады. Со­дан соң жазуымызды өзгертіп тас­­тады. Әуелі төтеншеге, ке­йін латынға, сосын барып кирил­ли­цаға әкелді. Мәселен, мен бі­рін­ші класқа барғанда орыс ал­фавитімен оқыдым. Одан ал­дың­ғысынан түкте хабарымыз жоқ. Тарихты жақсы көремін, бірақ оқи алмаймын. Осылайша, тарихымызды да өшірді. Тарихын білген адамның санасы оянып кететінін білді. Біздің санамыз мәңгүрттік қалыпта қалды. Мәң­­­­гүрттікке Голощекиннің ке­­зінде саналы түрде айдап апар­ды. Содан барып біз өсуді тоқ­таттық. Барлық жағынан арт­­та қалып, тек күн көрудің қа­мы­мен кеттік. Хайуан қалай күн кө­реді, сол сияқты тырбанып со­­­ның қарекетімен жүрдік. Одан кейін қазақтың саны алғаш рет Қонаевтың тұсында 6 млн болды. Енді ғана 10 миллионға жетіп отыр­мыз. Жалпы, шетелдегі қа­­зақ­тарды қосқанда 15 мил­лион­быз. Толық адам ілімі халқымызды рухани тазалайды. Жүйенің бә­рі ашылып, қолыңа ұстатып қоя­ды. Өзін-өзі іштей тазалайды. Қан­дай жаман қасиетің болса соны тазалап шығады. Оның негізі сонда. Сондықтан бүкіл хал­ық болып жас ұрпақты тазартып алуы­мыз керек. Сонда біз адам­гер­шіліктің жолына түсеміз. Руха­ни мәдени тірілеміз. Мұндай ой айтқан тереңдеп барған адам болған емес. Байтұрсынов мұның қолжазбасын 1903 жылы алғаш рет оқығанда тосырқап, бұрынғы ақындар құсатып оқи алмадым, түсінбедім дейді. Қазір 8 жоғары оқу орнында оқытылып жатыр. Түбінде бүкіл мектепке, жоғары оқу орындарында оқытылуы тиіс. – Абайды зерттеушілер көп. Бірақ оның толық қыры ашылмады деушілер де көп. Не кедергі деп ой­лай­сыз? – Иә, Абайды зерттеуші көп. Бірақ олар журналистік тілмен кө­піртіп жазады. Жүйесі жоқ. Бы­лай қарағанда, үлкен бір дү­ние келгендей көресің. Алайда біз әдебиетте қалыптаспаған журналистер құсап бұрқыратып жазамыз. Алғаш рет ғылыми стильде салдым. Бір сөз артық айтылмайды, нақты келтіріледі. Орыс ақыны Белинский «ақын образбен, ал философ силло­гизм­мен сөйлейді» деп еді. Ал біз­дің қазіргі философтар жур­на­листер сияқты болып кетті. Сондықтан болса керек, Абай мұрасына әлі де толық бара ал­май жатырмыз. Зерттелетін тақырыбы өте көп. Әрине, адам­дардың даярлығы бар, қы­зы­ғады. Сонымен қатар қазір абай­тану ғылымы оңтүстікке ауыс­қанын айтып өткім келеді. Түбінде абайтану Шымкентте қалады. Семей қалды, академия қалды. Біздің жігіттердей жігіт жоқ оларда. Біздің жігіттер мықты еңбек беріп жатыр. Мәселен, мен 15 том берсем, М.Әуезов атын­дағы ОҚМУ-де Сейдалы Оразалиев дейтін филология ғылымдарының кандидаты, доцент бар. Ол «Абайдағы қолда­нылған сөздер» деп, 840 беттік моно­гра­фия берді. Ал содан кейін М.Әліпхан дейтін жігітіміз жал­ғыз Абай емес, жалпы адамзат бала­сына адамгершілік қайдан келген?» деген тақырыппен бүге-шігесіне дейін зерттелген дүние дайындады. Қазақтың бір сөзі бар: «Бір жылдығын ой­ла­ған бидай егеді, он жыл­ды­­ғын ойлаған тал егеді, мәң­гі­лігін ойлаған баласының са­на­сына ізгілік егеді» деген. Мен осыны ұстадым. Мұндай сөзді бұрын ешқандай ұлт айта алма­ған. Демек, біздің халық басқа халықтан жоғары тұр. Біз жері­міз­ді қорғаумен, басқалар басып алумен әлек болды. Сондықтан Абай­дың заманы өте қиын заман еді. Сол себептен Абайдың ойы да өте күрделі, оған біздің фило­софтар тереңдеп бара алма­ды. Абай өзі жаңа пікірдің, ойдың адамы. Жазуларында фило­со­фия­лық ойлар деген өріп жүр. Философтар мұны зерттеу керек. Бір жүйеге салыну керек. Бұл әлі салынған жоқ. Келешекте салынатын шығар. Енді ғылым жаңағыдай ескі жолды, атеистік-материалистік жолды тастап, ұлы санаға қарай жол салуымыз керек. Осылай зерттесек, Абай мейлінше ашылады. Оған біздің арабша, түрікше, парсыша оқы­­ғандар бар. Солардан бір нәрсе шығар деп ойлап жүрмін. Шаға­тай, парсы, араб тілін білмесең бұған кіре алмайсың. Мен соның шет жағасына ғана кірдім. Абайға Шымкенттен үлкен көше беру керек. Арғымбеков атын­дағы үлкен көше бар. Не ол компартияның секретары бол­ған. Жақында компартияның ат­тарының бәрі алынады. Бұл жө­нінде баяндама жасағанда айттым. Ономастикада жер та­ри­хы, ұлттық дәстүрге түсуіміз керек. Биліктегілер орыстардан алған деологиядан шыға алмай, әлі адамның атын қойып келеді. Әрине, көңіл толмайтын дүниелер бар ғой. Абайтану түгел ашылса, ол – қазақтың пайдасы. Жас ұрпақты тазалап шығады. Бірақ соған ұмтылып жатқан адам жоқ. Ғылымда ұрлық көп болады. Ой-пікір ұрлайды. Сілтеме бермей, түгел көшіріп алатындар да көп. Әрі қарай тереңдетуге болады. Жалпы, мені Абайдың өмірі емес, дүниетанымы қатты қызықтырды. Абайдың жетінші қара сөзінде «дүниенің көрінген һәм көрінбеген сыры болады» дейді. Испан ғалымдары айтады, жан дегенді білмейміз, ұстай алмаймыз, одан да көрінген нәрсені ұстайық деп, олар осы күні азғын болып кетті. Еуропа осылайша қарынның қамы, қызықтың бәрін көру керек, жан теріс деп ұғынды. Еуропалықтар жанды материалдық зат ретінде қарап, адаммен бірге өледі деп есептейді. Олай емес. Адам жа­ны мәңгілік сапарға аттанады. Ғалым­дар зерттеді. Адам қайтыс болған кезде бірден екі грамм кемиді екен. Яғни, жанның екі грамм салмағы бар. Бұл тұрғыда б.з.д. 626 жылы бабаларымыз біліп, ізгілік идеясын егіп кеткен. Енді еуропалықтар жаңа ұрпақ кел­­мейінше өзгермейді.    width= – «Шағатай, парсы, араб тілін біл­месең, Абайға кіре алмайсың» де­діңіз. Өзіңіз сонда қанша тіл біле­сіз? – Шағатайды жақсы мең­гер­­генмін. Парсыны сөздік­пен түсінемін, арабшаға бармай­мын. Біздің кезімізде арабша оқы­тыл­майтын. Бірақ өз бетіммен әріп жаттап оқыдым. Абайдың ту­ғанына 125 толғанда барып біз оны таныдық. Жалпы, мен ғы­­лымға кеш бардым. Абайта­ну­шы боламын деп ойлаған жоқ­пын. Абай туралы тоғызыншы сыныпта ат­тап-пұттап өтіп, оқыл­май қалған. Абай осы­лай­ша менің ұғымымда бол­ма­ған. Аспирантураға түсуім керек болды. Бес балам бар, жасым 31-де. Тез оқып, кандидат болуым керек. Жеңіл тақырыпқа жүгірсем, академик Қажым Жұмалиев қайтарады. «Абайды аласың» дейді. Мен білмеймін деп айта алмаймын. Бәрі тақы­рып алып қойды. Осылай 3 ай жүр­дім. Бір күні Қажекең: «Абай­­ды алсаң, ал. Алмасаң, есік ашық, кете бер» деп ашық айт­­ты. Өзім аспирантураға зорға түс­кенмін, көндім. Тақырыбым: «Абайтанудың тарихы». Төтенше, латынша, қадымша күніне бір әріп жаттап жүріп үйреніп, архивке отырдым. Сөйтіп, абайтанудың жетпіс бес жылдағы тарихын түгендедім. Жетекшім қалай ізденуді, қалай жазуды өз еркіме берді. М.Әуезовпен кездесіп, оған Абайдың Шығысын ал­ғым келіп жүргенін айттым. Мұ­қаң бұл тақырыппен жолым бол­майтынын ескертті. Мен оны кейін түсіндім. Жоғарыда ай­тып өткен түркі халықтарын, мұсыл­­мандарды түп-тамырымен жою­ды көздеген заң кезеңі ғой. Абай­дың Шығысын зерттесем, соған барып тіреледі екенмін. Кейін докторлыққа Абайдың өмірі, Абай шығармаларының текстологиясы, Абайдың әдеби ортасы, Абайдың шығысқа қаты­сы дейтін 4 тақырып алдым. Бар­­лығы соңғы тақырыпты алып тастап, қорғатпай қойды. «Қор­­ғатпасаң, қорғатпа» деп 8 жыл ерегісіп жүрдім. Кітапты шы­­ғарып жібердім. Жақтап, мақ­таған 18 мақала шықты. Сосын барып тануға мәжбүр болды. Осылайша, 8 жылдан кейін ғана қорғаппын. Кейін хатта­масын көрдім, 3 түрлі бағытпен жүріпті. Қорғатуға ұмтылатындар, екін­шісі – алдаусыратып, ұзаққа созу арқылы докторлықты қор­ғат­пау, тағы бірі құлату мақ­саты­мен жұмыс істеген. Комиссия құрамындағы 18 адамның 13-і мені қолдаса, 5-еуі қарсы болды. 13-тің біреуі келмей қалса, құлай­мын. Сөйтіп, қорғап шықтым. – Абайдың өз заманынан озып тууы неден деп ойлайсыз? – Оның тегіне қараймыз. Абай текті жерден шыққан. Екіншіден, ислам дініне терең барды. Се­бе­­бі үйінде әжесінен бастап бар­лығы да құдайдың жолына түскен адамдар. Әкесі исламға мықты берілген. Өздерінің қожа ауылы бар. Жидебай төңірегінде. Бізде текті адамдар көп болған ғой. Сол текті құрту үшін Ке­ңес үкіметі заманында бүкіл ин­тел­ли­генцияны тұтас айдап, құр­­бан­дыққа шалып жіберді. Сол за­манда туылған мен де бұл қи­тұр­қылықтың әсерін сезіндім. Өзбекстанда декан, прорек­тор, ректор да болдым. Алматы шақырды, бәрін тастап доцент болып орналастым. Бәрі күлетін, ректорлықты тастап, доцент болғанды сенен көрдік деп. Ал мен керісінше уақытымды құр жіберіп алған екенмін. Осылай­ша, ғылымға кеш келдім. Маған Абайды оқытуға қарсылық біл­­діріп, атеизмге жіберген кез­де­рі болды. Оған да көндім. Атеизмнен сабақ бердім. Бірақ мен діннің таралу жолдарын оқыттым. «Құдай жоқ» дегенге барған жоқпын. Ислам діні қалай келді, жалпы, басқа діндер қалай келді, кітаптары, пайғамбары деген сияқты негіздеріне үңілдім. Жалпы, осы тұста айтып кетейін, христиан дінінде кітаптар жоқ, түпнұсқасы өзгеріп кеткен. Ал бізде Құран дегеннің бір әрпі өзгермей әлі күнге дейін келе жатыр. Қазір Папаның қолында үлкен орхон жазуы бар кітап тұр. Ала алмай отырмыз. Сұратып жатырмыз. «Аударайық» дейміз. Соны алсақ, дүниетанымымыз мүлде басқа болар еді. Ғылым қазір қатты дамуда. Алайда ға­лым­дардың жағдайы жоқ. Магис­тра­тураға зорға келеді жастар. Жігіттер тіпті келмейді. Қыздар жақсы оқып келе жа­та­ды да, тұр­мысқа шығып кетіп, жал­ғас­тырмай қояды. Ал жігіттер «күн көре алмаймыз ғой, ағай. Жа­райды, доктор, кандидат бола­йық. Сондағы алатынымыз – 120 мың теңге. Өзімді асыраймын ба, бала-шағамды ма?» дегенде тосылып қаласың. Дегенмен абай­­тану тоқтамайды, дами бере­ді. Қазір даму жолына түсті. Қай жағын зерттесе де ағып тұр. Шы­ғы­сының бір жағын ғана сүй­реп шық­тым. – 15 томдық кітабыңыздан басқа қандай тың еңбектері­ңіз­ді көре аламыз? – Ол менің өмір бойы жаз­ғандарым. Кандидаттық, доктор­лық диссертациям, одан кейінгі жазылған дүниелер де бар. Бұл Абай­дың шығысы Әуезовтің ке­зінде жабық болатын. 1948 жы­лы «космополитизммен», яғни шетел мемлекеттерінің мә­де­­ниетіне көңіл бөлушілермен кү­рес науқаны басталды. Сонда «шығысқа бас иген­дер­ді талқандаймыз» деді олар. Демек, шығыс туралы мақала жазсаң, бәлеге қалдың деген сөз. Сондықтан Абайдың шығысы жа­былды да, біз орыс пен қа­зақ әдебиеті туралы 200-дей кітап жаздық. Сөйтіп, Абайды орыстың мәдениеті жасаған болып шықты. Шындап келгенде Абайдың дүние­танымына орыстың еш­қан­дай қатысы жоқ. Абай олар­ды аударған, бірақ өзінің мұсыл­ман­дық қалпында қалған. Ал оны біз өкіртіп орыс қылдық. Бізде бір мықты философ бол­ды, ол өзінің докторлығын қор­­­­ғағанда, Абай атеист, мате­риа­­лист деген қорытынды шы­­­­ғарды. Бірақ мұны өзімнің кан­­дидаттығымды қорғағанда те­рістедім. «Абай қалай атеист бо­лады? «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Пайғамбар да рас» деп жүрген адам бульдозермен тарт­саңыз да, атеист болмайды» де­генмін. – Әңгімеңізге рақмет!   Сұхбаттасқан Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы