Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті, – деп жазады inform.kz.
Депутаттар 1 қыркүйекке дейін демалысқа кетті.
«Жалпы, Парламент палаталарының 4 рет бірлескен отырысы өтті. Мәжілістің 42 жалпы отырысында 271 мәселе қаралды. Сенаттың 42 жалпы отырысында 148 мәселе қаралды. Осы сессия кезінде қос палатаның жұмысында 127 заң жобасы болды, оның 78-і қабылданды», – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
Биыл Парламентте, әсіресе, әлеуметтік мәселе, қазына қаржысын игеру жайы жиі талқыланды.