Қытайдан тағы 217 қазақстандық эвакуацияланды
Қытайдан тағы 217 қазақстандық эвакуацияланды
Фото: Интернеттен алынды
428
оқылды
Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, Бейжіңнен Қазақстанның 217 азаматы эвакуацияланды, – деп жазды «ҚазАқпарат». «Бүгін таңертеңгі 06.05-те Бейжің қаласынан Қазақстанның 217 азаматы жеткізілді. Олардың барлығы қазір арнайы медициналық ұйымға орналастырылып жатыр. Араларында науқас адамдар тіркелген жоқ», – деді Елжан Біртанов. Айта кетейік, кеше, 10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Үкіметі ҚХР аумағындағы және отанына оралуға тілек білдірген қазақстандықтарды эвакуациялауды жалғастыратыны мәлім етілді. Қазақстандықтардың алғашқы легі Қытай елінен 2 ақпанда жеткізілген болатын: 83 азаматтың 80-і – студенттер.