COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда бір күнде 189 адамнан коронавирус анықталды.
Атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласында – 55,
Алматы қаласында – 98,
Шымкент қаласында – 8,
Ақмола облысында – 1,
Алматы облысында – 8,
Атырау облысында – 5,
Шығыс Қазақстан облысында – 3,
Жамбыл облысында – 5,
Қарағанды облысында – 5,
Солтүстік Қазақстан облысында – 1.
Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 306 797-ге жетті.