Демалыс күндері ауа райы қандай болады?-01.07.2022
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?-01.07.2022
341
оқылды
«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. 
«Республиканың басым бөлігінде ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыста 2 шілде күні, солтүстік-батыста 3 шілде күні, оңтүстікте, республиканың орталығында 4 шілде күні жаңбыр жауады, сол сияқты бұршақ, дауыл, желдің күшеюі күтіледі. Еліміздің барлық аумағында күн райы салқын болады», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.