Антикор Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді бастады
Антикор Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді бастады
© kaznovosti.kz
1,946
оқылды
  • Антикор мемлекеттік кәсіпорын ғимаратын төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісін тергеп жатыр. 
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты Алматы қаласындағы «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК-ның ведомстволық бағынысты ғимаратын мемлекет мүддесіне ауыр зардаптарға әкеп соққан үлестес заңды тұлғаның пайдасына төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.