«Еріктілер орталығы» ашылды
«Еріктілер орталығы» ашылды
357
оқылды
Президенттің биыл Волонтер жылы деп жариялауы ел жастарына ерекше серпін берген, мемлекет тара­пынан жас ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қа­дам болды. Қазақ ұлттық аграрлық университеті осы игі бас­тамаға үн қосып, шетелдік әріптестермен волонтерлік қыз­мет са­ла­сында тәжірибе алмасу мақсатында «Пара­сатты­лық – ізгіліктің белгісі» атты халықаралық жастар форумын өткізді. Форум жұмысын ҚазҰАУ ректоры, ҰҒА вице-прези­ден­ті, академик Тілектес Еспо­лов ашып, атаулы жылда атқа­ры­луы тиіс мақсат-міндетті ай­қын­дай келе, жастарға та­быс тіледі. – «Жұмыла көтерген жүк же­ңіл» деген ұстанымды ту ет­кен ата-бабаларымыз «Бір жа­ғадан бас, бір жеңнен қол шы­­ғарып», бір-біріне кө­мек­­­те­сіп, асар жасап, бір отба­сы­ның емес, бір ауылдың ең­сесін көтеріп тастайтын. Бүгін­гі волонтерлік қызметтің қағидасы да осындай ізгі ниет­тен тұрады, – деді ректор өз сөзінде. Волонтер жылы мен Қа­­зақ ұлттық аграрлық уни­вер­­ситетінің 90 жылдық ме­­рей­тойы аясында ұйым­дас­­­тырылған форумға Оң­түс­тік Корея, Франция, Ресей, Өз­­­бекстан, Қырғыз Рес­пуб­ли­касы елде­рі­нің арнайы делегаттары, ха­­лықаралық ұйымдар, Қа­зақ­­­стандағы шетелдік кон­сул­­­дықтар мен елшілік қыз­мет­­кер­ле­рі, Мемлекеттік қыз­мет іс­­­­тері және сыбайлас жем­қор­­­­лыққа қарсы іс-қимыл агент­­­тігінің Алматы қаласы бо­­йынша департаменті, Nur Otan партиясы және Jas Otan Жас­тар қанатының бел­сен­ді­ле­рі, республикалық Sanaly urpaq жобалық кеңсе­сі­нің өкіл­дері, «Ізгілік елшісі» жо­ба­сының үйлестірушілері, Қазақстан халқы Ассамблея­сы­­ның мүшелері, Алматы қа­­ласы қоғамдық даму бас­қар­масы, Медеу және Бостан­дық аудандары әкімдігі, жоға­ры оқу орындарының ректор­лары, колледж және мектеп басшылары, БАҚ өкілдері, шетелдік және қазақстандық ерікті жастар қатысты. Форум жұмысы аясында оң­­түстіккореялық IMEI Ха­лықа­­ралық менталды-ағарту­шылық орталығының бас­шы­сы, профессор Джо Гю Юн бас­­таған делегация жастарға во­лон­терлікті дамытуға байла­нысты арнайы семинар-тре­нинг өткізді. Еркін пікір ал­­масу форматында өткен фо­рум­да ҚазҰАУ білім алушы­ла­ры­ның волонтерлік бағытта ат­қар­ған іс-шаралары туралы бей­неролик пен студенттер дайын­даған ізгілікке үндейтін мульт­фильм көрсетіліп, сту­дент­­тер үйінде тұратын жас­тар­­мен онлайн байланыс ор­на­­тылды. Форум аясында Қазақ ұлт­тық аграрлық университетінде «Ерік­тілер орталығының» рес­­ми ашылу рәсімі өтті. Ор­та­­лық қызметі арқылы жас­тар Пре­зидент анықтаған Во­лонтер жылының «Са­бақ­­­тас­тық», «Саулық», «Таза әлем», «Асыл мұра», «Қам­қо­р», «Білім», «Үміт» деп ата­ла­­­­­тын 7 бағыты бойынша во­­­­лон­­терлік іс-жоспарын жү­зе­ге асырады. Сонымен қа­тар осы орталықта білікті, тәжі­рибелі мамандарды тарту арқы­лы жастарды волонтерлік қызмет бойынша оқытып, дайындайтын, оларға бағыт-бағдар беретін арнайы штаб құрылады. Онда жастар қоғам­дағы әлеуметтік мәселелерді талдап, кімге қандай көмек керек екенін анықтап, нақты шешім қабылдайды. Форумда сөз сөйлеген белсенді жастар бұл бастаманы республикамыздың басқа да жоғары оқу орындарына жолдап, «Еріктілер жылында» игі істерді бірлесе атқаруға шақыр­ды.   Алмат ИСӘДІЛ