Сайран көлінен ішек таяқшалары табылды
Сайран көлінен ішек таяқшалары табылды
862
оқылды
Сайран көлінен ішек таяқшалары анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді. Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша, Сайран су қоймасынан алынған су сынамаларының нәтижесінде лак-позитивті ішек таяқшалары нормасы деңгейінің артқаны анықталған. Осыған байланысты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хатына сәйкес және СЭБД-нің нұсқауымен су қоймасынан суды толық көлемде ағызу туралы шешім шығарылды.Оған 2-3 күн кететіні хабарланды. ТЖД өкілдері алматылықтар мен қала қонақтарын алдағы күндері суға түсуден бас тартуға шақырды.
"СЭБД мәліметтері бойынша, бұл кезеңде резервуар түбін биологиялық және химиялық тазалаудың қосымша арнайы әдістері қажет емес. Ластану көзі анықталып, арнайы комиссия жұмысы аяқталған соң Сайранға су қайта толтырылады", - делінген хабарламада.