Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Қазақстан Президенті Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шешімі уақытылы қабылданғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды сәтті өткізуіне тілектестік білдіріп, бұл оқиға бауырлас Өзбекстанды жаңғыртуға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін маңызды қадам болатынын атап өтті.
Сонымен қатар екі ел басшылары Қырғыз Республикасында өтетін Орталық Азия мемлекеттері көшбасшыларының алдағы консультативтік кездесуінің күн тәртібін талқылады.