Төрт гарнизонда 825 миллион теңгенің мүлкі мен қорғаныс құралы ұрланған - Бас әскери прокуратура
Төрт гарнизонда 825 миллион теңгенің мүлкі мен қорғаныс құралы ұрланған - Бас әскери прокуратура
© arasha.kz
2,662
оқылды
Әскери прокуратура органдары Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізіп жатыр.
"Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 млн  теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды", –  делінген хабарламада.
Тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады. Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.