Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшілігінің көмегімен Бахрейн полициясы 21 Қазақстан азаматшасын сексуалдық құлдықтан босатты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.
Жоғары жалақы туралы уәдеге сенген жас қыздар Бахрейнге қонақүйде қызмет көрсету саласында жұмыс істеуге Қазақстаннан барған.
Бірақ олар Бахрейнге келген бойда күтіп алушылар олардың құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бағынбаған кездерінде күш көрсеткен. Қазіргі уақытта барлық күдіктілер, соның ішінде, қазақстандық азаматшалар ұсталды. Тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер арнайы оңалту орталығына орналастырылып, жуық арада Қазақстанға қайтарылады.