Алакөл, Балқаш, Каспий: көл жағасында демалу қанша тұрады?
Алакөл, Балқаш, Каспий: көл жағасында демалу қанша тұрады?
4,887
оқылды
Еліміздегі демалыс орындарының көбінде шілде айының басына бос орын қалмаған. Кейінгі жылдары пандемия әсерінен Қазақстанда ішкі туризмге сұраныс артты. Теңіз, тау, жағажай туризмі қарқынды дами бастады. Ертерек жоспарламасаңыз, бұрынғыдай аз уақыт қалғанда шипажайлар мен демалыс орындарында орын табу біраз қиындаған. Биыл да шілде айының соңы мен тамызға болмаса, осы айдың алғашқы апталарына көбінде бос орын жоқ. Айдың соңына да орындар аз қалған, оның өзінде бәріне бірдей қолжетімдісін табу қиын. Соған орай, Қазақстандағы төрт негізгі демалыс орнындағы бағаны салыстырдық.   Бурабай алакөл Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі саналатын «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Ақмола облысы аумағында орналасқан. Бурабай еліміздегі ең танымал демалыс орындарының бірі. Бұл жер бетінде сирек кездесетін өзіндік орны бар ерекше географиялық аймақ деуге болады. Аталған мекен биік таулар және қылқан жапырақты орман, айдынды көл және таза ауасымен кеңінен танымал. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай. Booking-тегі мәліметке сәйкес, тамыз айындағы алты түндік тур бағасы 68 мыңнан басталып, 1 млн 260 мың теңгеге дейін жетеді. Қазірдің өзінде көп орынға алдын ала бронь жасалып қойған. Сондай-ақ Бурабайға жақын маңдағы пәтер мен қонақ үйлер бағасы да осы шамалас. Сондықтан демалысты ертерек жоспарлап, алдын ала жатын орын мәселесін шешіп алған жөн.   Алакөл алакөл Алакөл – көлемі жағынан елімізде екінші орынды алады. Көлге 15-ке жуық өзен су құяды. Суының емдік қасиеті болғандықтан қазақстандықтар Алакөлге жиі барады. Көл суының құрамындағы хлорид-натрий тұзы адам денсаулығына өте пайдалы. Түрлі мәліметтерге сәйкес Алакөлде демалуға жылына 250 мыңнан астам адам келеді екен. Көлге қалай жетуге болады? Нұр-Сұлтаннан жолға шықсаңыз, әуелі ұшақпен Алматыға жетіп алып, әрі қарай пойыз немесе автобуспен баруға тура келеді. Ал Алматыдан пойызбен Көктұма станциясына дейін жетуге болады. Алматыдан Алакөлге дейінгі арақашықтық шамамен 650 шақырым. Қабанбай кентінің қонақ үйлерінде екі ересек адамға алты түнге арналған нөмірлердің құны 96 мың теңгеден 270 мың теңгеге дейін. Бұл тамыз айының ортасындағы Booking сайтындағы баға. Шілде айының ортасында бағалар сәл жоғары, бірақ бос орындар аз.   Балқаш алакөл Балқаш көлі еліміздегі үш облыстың аумағына созылып жатыр. Көлемі жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орынды алады. Көл жағасында демалыс орындары көптеп орналасқан. Балқашта желкенді спорт, байдарка есу, балық аулау сияқты демалыс түрлері жақсы дамыған. Көлде жиі кездесетін шағын аралдар жүзуден әуесқой жарыстар өткізілетін кезде ақтық мәре ретінде жиі таңдалады. Ауа райы құрғақ болғандықтан, жазы ыстық, жауын-шашын мөлшері аз. Демалыс маусымын жылы суға шомылып, күнге қыздырынып өткіземін деушілер үшін таптырмас орын. Балқаш көлінде демалу үшін шілденің соңғы аптасына қонақ үйден екі адамдық орынды бір аптаға 155 мың теңгеге жалдауға болады. Сондай-ақ, өзен жағалауындағы саяжайды бір аптаға жалдау құны 283 500 теңге шамасында. Одан бөлек қала ішінен қолжетімді бағада пәтер немесе шағын қонақ үйлер табуға болады.   Каспий алакөл Каспий теңізінде демалудың негізгі ерекшелігі – емдік шипалы балшығы және табиғи минералды көздер. Сондай-ақ Каспий маңындағы ауа райы ыстық болғандықтан, теңіз суы көбінде жылы болып тұрады. Теңізге шомылу маусымы мамырдан қыркүйекке дейін жалғасады. Жалпы, Ақтау еліміздегі теңіз жағасында орналасқан жалғыз қала. Соған сәйкес таңдау да көп. Сондықтан бұл жерден пәтер жалдап немесе қонақ үйге орналасу аса қиын емес. Егер тамызда Каспийге баруды жоспарласаңыз Booking арқылы жағажайдан алшақ орналасқан қонақ үйден екі адам бір аптаға 40 мың теңгеге бөлме жалдай аласыз. Ал танымал қонақ үйлерде екі адам үшін бір аптаға нөмір жалдау құны 1 млн 300 мың теңгеге дейін жетеді. Жағажай демалысына арналған орындардың барлығы адамдар үшін ыңғайлы жабдықталған және демалыс түрінің көптігімен ерекшеленеді.