Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі, белгілі кәсіпкер Бақытбек Есентаев түзеу мекемесінен мерзімінен бұрын босатуды сұрады. Алматы облыстық сотының мәліметінше, өтінішті Қонаев қалалық соты қарайды.

"Сотталған Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш Қапшағай қалалық сотына түсті. Тыңдау күні 11 шілдеге белгіленді", - деді Алматы облыстық сотынан.

Еске салайық, Бақытбек Есентаев 2016 жылдың қарашасында сотталған болатын. Ол әйеліне қатысты "Адам өлтіру әрекеті" үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Заңға сәйкес, мұндай қылмыс "аса ауыр" санатына жатады. Сондықтан, сотталғандар жаза мерзімінің кемінде үштен екісі өтелгеннен кейін ғана шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрай алады. Бұл кезең Есентаев үшін осы жылдың маусымына келеді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.