Блогер Махамбет Әбжан екі айға қамауға алынды
Блогер Махамбет Әбжан екі айға қамауға алынды
764
оқылды
Ірі көлемде ақша бопсалау күдігіне ілінген блогер Махамбет Әбжан 2 айға қамауға алынды, – деп хабарлайды  Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.
«5 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Әбжанды 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – деп жазды қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова Facebook парақшасында.
Құзырлы ведомство оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (аса ірі мөлшерде ақша бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелгенін хабарлады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.