Желіде өрт сөндірушілер мен полицейлердің жанжалдасып жатқан видеосы тарады
Желіде өрт сөндірушілер мен полицейлердің жанжалдасып жатқан видеосы тарады
1,136
оқылды
Әлуметтік желіде өрт сөндірушілер мен полицейлердің жанжалдасып жатқан видеосы тарады. Бірақ жанжал неден шыққаны айтылмаған. Видеоға қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыстың Полиция департаменті пікір білдірді.
"Иә, ондай жағдай болды. Атырау облысында өрт болды. Біздің күштер өрт болған жерге барып, оны сөндіруге кіріскен, бірақ аумақты сөндіру кезінде тұрғындар, бейтаныс адамдар жүрген. Өрт сөндіру барысын басқарған біздің қызметкер полицейлерден оларды шығаруды сұраған, оған полицей дөрекі жауап берген. Сол кезде олардың арасында кикілжің болған. Ешқандай төбелес болған жоқ. Кейін оларды ажыратқан. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ", – деді Талғат Уәли.
ТЖМ екі тараптың уәждері тексерілетінін атап өтті. Тексеріс нәтижелері кейінірек жарияланады. Атырау облысының Полиция департаменті де қызметкерлер арасында түсініспеушілік болғанын растады.
"2 шілдеде Полиция департаменті әлеуметтік желіде ТЖД қызметкері мен патрульдік полиция қызметкері арасындағы жанжал түсірілген видеоға қатысты қызметтік тексеру жүргізді. Қызметкерлердің бейнежетондарынан алынған бейнежазбалар қаралып, осы хабарлама кезінде барған қызметкердің бәрі тексерілді. Екі қызметкердің арасында түсініспеушілік туындаған, зардап шеккендер жоқ", - деді Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ПД өкілдері.