Головкинді сабағым келеді - Канело
Головкинді сабағым келеді - Канело
Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Геннадий Головкинмен трилогияда екінші айқастағы тактиканы қолданатынын мәлімдеді. Бұл жайында Tengrinews.kz сайты жазды. "Головкинмен жекпе-жекті жиі көре бермеймін. Мен барлық айқастарымды қайталап көремін, бар болғаны сол. Екінші кездесуде ең жақсы гейжоспар болды. Трилогияда соны қолдану керек", - деген спортшы.  Ол трилогияның екінші жекпе-жекке ұқсас өтетінін айтқан. Бірақ Канело өзін күштірек сезінеді екен. "Айырмашылық осында. Головкин мықты, алайда, ол күштірек бола түсті ме білмеймін. Онымен жұдырықтасу керек, сосын айтамын. Ал жалпы, ол сол күйі ме, жоқ па, түкіргенім бар. Мен жақсылап дайындаламын. Ол күштірек болып келсе де бәрібір. Қазір ол менің қарсыласым және оны сабағым келеді", - дейді Сауль. Оның сөзін Fightnews.info сайты келтірді. Еске салайық, Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте екінші орта салмақта өтеді. Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да болады. Алдыңғы екі жекпе-жек те осында өткен. Бірінші кездесу даулы тең нәтижемен аяқталды, ал екіншіде төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жетті.