Ең мықты проспект Головкиннің "Канелоны" жеңетініне бәс тігетінін айтты
Ең мықты проспект Головкиннің "Канелоны" жеңетініне бәс тігетінін айтты
2,237
оқылды
Жеңіл салмақта ең мықты проспектердің бірі – америкалық Райан Гарсия қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің айқасында GGG-дің жеңетініне сенім білдірді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Мұның алдында Гарсия бапкер Эдди Рейносодан кетіп қалған болатын. Өйткені маман бар назарын тек "Канелоға" салады екен.
"GGG тамаша айқас өткізеді деп ойлаймын. Мен оған бәс тігемін", – дейді Гарсия DAZN-ға берген сұхбатында.