Қытай елшісі үйінен шыға алмай отырғанын айтты
Қытай елшісі үйінен шыға алмай отырғанын айтты
© inbusiness.kz
555
оқылды
Еңбек демалысында еліне барып келген Қазақстандағы Қытайдың төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо қазір үйінен шыға алмай отыр. Бұл туралы дипломат Atameken Business арнасына телефон арқылы хабарлады. Оның сөзінше, қазір аурудың эпидемиологиялық орталығы саналатын Ухань қаласында індеттің таралуы тоқтатылған. Инфекцияны жұқтырғандар саны азайып, аурудан жазылған адамдар көбейген. «Қазір өз денсаулығым жақсы. Бірақ карантин аяқталғанша маған үйден шығуға болмайды»,– дейді ол. https://www.youtube.com/watch?time_continue=3&v=5tGgxa8_gLk&feature=emb_logo