6 шілдеге арналған ауа райы болжамы
6 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото: yandex.kz
607
оқылды
«Қазгидомет» 6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бүгін оңтүстік циклон әсерінен ауа рай құбылмалы болады. Соның салдарынан жаңбыр жауып, солтүстікте, орталықта нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, дауыл тұрады. Батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, күндіз Ұлытау облысының батысында нөсер жаңбыр жауады. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай облыстарының батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.