Бүгін Сыр өңірінде табиғаттың тосын құбылысы болды. Жел күшейіп, бұршақ жауды.
Бұған дейін синоптиктер елімізде күн райының жаңбырлы болатынын мәлімдеген болатын. Аптапты ыстықтан көз ашпаған Сыр аспанын бүгін бұлт торлап, салқын ауаның табы байқалды.
Ал облысқа қарасты Жалағаш ауданында күтпеген жерден қатты дауыл тұрып, ғимарат шатырын ұшырып, электр бағанасын құлатты. Артынша бұршақ жауды.