Алматы облысында жол апатынан ерлі-зайыпты қаза тапты
Алматы облысында жол апатынан ерлі-зайыпты қаза тапты
1,008
оқылды
Алматы облысында жол-көлік апаты салдарынан екі адам қаза тапты. Олардың кішкентай баласы мен тағы екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарауда. Автор қатты соққыдан екі көліктің де бүктетіліп қалғанын хабарлады. Сондай-ақ апаттан қаза болған әйелдің егіз балаға жүкті болғаны айтылған.
Жол апаты 6 шілдеге қараған түні Іле ауданы аумағында болған.
Өңір полициясы көліктер Байсерке-Қараой тасжолының 26-шы шақырымында соқтығысқанын нақтылады. Алдын ала мәлімет бойынша жол апатына қарсы жолаққа шығып кеткен 32 жастағы Volvo жүргізушісі кінәлі.
"Mercedes Benz салонында болған ер адам мен әйел қаза тапты. Сондай-ақ жарақат алған үш адам, оның ішінде 4 жасар қыз ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.