Қазақстан мұнайы Каспий құбыр консорциумының құбыр желісі арқылы штаттық режимде экспортталып жатыр, – деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
«Каспий құбыр консорциумы» акционерлік қоғамы бұрын хабарлағандай, Новороссийск қаласы Приморск аудандық соты судьясының 2022 жылғы 5 шілдедегі қаулысымен «ҚҚК-Р» АҚ қызметін 30 тәулікке әкімшілік тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды.
Өндірістік процестің үздіксіз циклын ескере отырып, «ҚҚК-Р» АҚ судья қаулысының орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхатпен сотқа жүгінді.
Консорциум Ространснадзордың ұйғарымында көрсетілген құжаттық бұзушылықтарды жою үшін Ресейдің тиісті мемлекеттік органдарымен және ведомстволарымен қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі уақытта қазақстандық мұнайды «КҚК-Р» АҚ құбыр жүйесі арқылы экспорттау штаттық режимде жүзеге асырылуда.