Қазақстандық теннисші Рыбакина Уимблдон финалына шықты
Қазақстандық теннисші Рыбакина Уимблдон финалына шықты
531
оқылды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдонның финалына шықты. Ол жекелей сында турнирдің осы кезеңіне өткен ел тарихындағы тұңғыш теннисші атанды. Жартылай финалда WTA рейтингінде 23 орында тұрған Рыбакина 18 орындағы румын қызы Симона Халеппен кездесті. 37 минутқа созылған бірінші сетті Рыбакина 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады. Бұл гейм барысында қазақстандық теннисші бір брейк істеді. Ал екінші сетті Елена 6:3 есебімен жеңді. Осылайша Рыбакина финалға шықты. Енді Уимблдон турнирінің финалында отандасымыз әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Онс Жабермен кездеседі. Өз кезегінде тунистік теннисші жартылай финалда Татьяна Марияны 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңді.