Алматыда автосалондарда көліктің қосымша керек-жарағын бөлек сатқандарды жауапқа тартты   
Алматыда автосалондарда көліктің қосымша керек-жарағын бөлек сатқандарды жауапқа тартты   
Фото: astana-motors.kz
268
оқылды
Алматыда автосалон қызметкерлері монополияға қарсы заңнаманы бұзған. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті қаладағы ірі автосалондар монополияға қарсы заңнаманы бұзғанын анықтады. «Жаңа автокөліктерді сату нарығындағы бәсекелестік жағдайын талдау нәтижесі мен Алматы қаласы прокуратурасының материалдары негізінде, Astana Motors Motor Company ЖШС (Hyundai Premium Almaty, Hyundai Auto Almaty, Hyundai Premium Batys, Сүйінбайдағы Toyota Center), Orbis Auto ЖШС (Nissan Center, Toyota City, Volkswagen Center) және Toyota Tsusho Kazakhstan Auto ЖШС (Toyota Center Жетісу, Lexus Center Алматы) әрекеттеріне қатысты, үстем жағдайды теріс пайдалану бөлігінде, тұтынушыларға қосымша тауарларды таңу және автокөліктерді сату бойынша қызметтер көрсетуде, бәсекелестік заңнамасын бұзғаны белгілі болды»,  – делінген агенттіктің ресми хабарламасында. Ведомствоның мәліметінше, 27 маусым күні автосалондарға заңбұзушылықтарды тоқтату және алдағы уақытта оған жол бермеу қажеттігі туралы хабарламалар жіберілген. Көлік сататындар 30 күнде ескертуден нәтиже шығаруға міндетті.