Жеңілдетілген несие берудің алғашқы күнінде 14 000 клиент автосалондарға жүгінді – ҚАБҚ
Жеңілдетілген несие берудің алғашқы күнінде 14 000 клиент автосалондарға жүгінді – ҚАБҚ
230
оқылды
16 мамырда басталған жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы баршамыздың назарын өзіне аудартып үлгерді. Бір тәулік ішінде еліміздегі дилерлік орталықтарға 14 мыңға жуық қазақстандық жүгінді. Алғашқы күні-ақ 26,4 млрд теңгені құрайтын 3,4 мыңнан астам өтінім мақұлданды. 2015 жылы алғаш іске қосылған бағдарламаның олқы тұстары алынып тастап, шарттардың жаңартылуы азаматтардың жоғары қызығушылығын оята алды.
Енді жаңа өзгерістерге зер салсақ: – 10 млн теңгеге дейін несие беру үшін бастапқы жарна мүлдем жоқ; – тіпті танымал модельдер үшін автомобильдің күту мерзімі 1,5 айға дейін қысқарды; – міндетті сақтандыру полисі алынатын қарыз сомасының 0,95%-не дейін қысқартылды; - қаржылық жүктемені төмендету үшін Өнеркәсіпті дамыту қоры жыл сайынғы негізде сақтандыру туралы шартты қосымша қарастырады; - клиенттің келісімінсіз автомобильдерге қосымша жабдық орнатуға тыйым салынады.
Бағдарламаның орындалуын бақылауды Өнеркәсіпті дамыту қоры жүргізеді. Бұдан басқа, бұзушылықтарды тіркеуді автосалондардың клиенттерімен жұмыс жөніндегі қызметі жүргізеді. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап колл-орталыққа 12 адам қажетті жиынтықпен жабдықталған көліктің жоқтығына шағымданса, кезектің тым көп екеніне 54 шағым түсті. Сондай-ақ автокөліктің болмауына 25 шағым келіп түсті. Қосымша жабдықты таңуға қатысты бірде-бір факт тіркелген жоқ. Қазақстандық автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) атап өткендей, дилерлік орталықтардың ішкі бұйрықтарына сәйкес 2022 жылғы наурыздан бастап қызметтің бұл түрі Клиенттің жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылады. Кез келген бұзушылық туындаған жағдайда дистрибьюторлар дереу колл-орталықтарға хабарласуды сұрайды. ҚАБҚ бастапқы кезде бағдарламаны толық қамту үшін автосалондар мен қоймаларда 8 мыңнан астам автомобиль резерві қалыптасқанын атап көрсетті. Жалпы, мамыр айында өндіруші зауыттар дилерлерді қосымша 8,5 мың көлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, маусым айында тағы 8,6 мың көлік толығады деп күтілуде. Бұл іс-шаралардың нәтижесінде жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша клиенттер үшін автомобильдер тапшылығы болмауы керек.