Жамбыл облысында 9-сынып оқушылары үйленді

оқушы
© kznews.kz

Облыстық Білім  басқармасының мәліметінше, Саудакент ауылында 9-сыныпты тәмамдаған  оқушылар үйленген. 15 жасар қыздың беташары Сарысу ауданында өткен. Жамбыл облысындағы бұл жағдайды арнайы комиссия тексеретін болады.

"Комиссияның шешімінен соң толық мәлімет белгілі болады. Ал олардың ата-аналарына қатысты материалдар кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі", - дейді білім басқармасындағылар.

Оқушыларды мұндай қадамға не итермелегені әзірге белгісіз.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.