Ресейде де коронавирус анықталды
Ресейде де коронавирус анықталды
Фото: Интернеттен алынды
397
оқылды
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ресейде екі адам коронавирусқа шалдыққан. Науқастың екеуі де Қытай азаматы екені анықталған. Ресейдің вице-премьері Татьяна Голикованың айтуынша, коронавирустың таралуына байланысты Ресейде коронавируспен күресудің қосымша шаралары енгізілді.
Роспотребнадзор басшысы Анна Попова: «Дертке шалдыққандардың біреуі – Забайкальеде, екіншісі – Түмен облысында. Екеуінің де денсаулығы қалыпты. Дене қызуы көтерілмеген. Олар қатаң бақылауда, оқшауланған, оларға қажетті көмек көрсетілуде. Екеуі де – Қытай азаматы» – деді.
Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі вируспен күресті күшейтіп жатыр. Айта кетейік, былтыр 31 желтоқсанда Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз пневмония шыққаны туралы хабарлады. Дерттің қоздырғышы – nCoV вирусы екенін биыл 7 қаңтарда ғалымдар анықтады.