Қарағандыда 11 жасар бала құрылысы аяқталмаған ғимараттың лифт шахтасына құлап кетті, - деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Ол медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін жеткізді. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Ғимарат толық салынбағаны белгілі. Ол - жекеменшік нысан және профлистпен қоршалған. Бірақ жақын маңдағы үйлердің тұрғындары балалар кейде оның аумағына кіріп, сол жерде ойнайтынын айтады