Бибісараның жаңа белесі

Бибісара

Шахматтың блиц түрінен ең жас әлем чемпионы қазақстандық Бибісара Асаубаева жүлде қоры 35 мың еуроны құраған Serbian Chess Open-2022 турнирінде үшінші орынға ие болды.

Сербияның Нови-Сад қаласында ұйымдастырылған «Сербия опен» жарысына әлемнің 29 елінен келген 200-ге жуық шахматшы бір апта бойы сынға түсті. Ашық чемпионатта әлемнің9 гроссмейстері, 68 халықаралық шебері, 6 әйелдер гроссмейстері және 13 халықаралық әйелдер шебері өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасындағы сайыста грекиялық Ставроула Цолакиду бас жүлдені олжала­са, үндістандық Сакши Читланге екінші орынға ие болды.

Енді Бибісара Асаубаева шілденің 28-і күні Үндістанның Ченнай қаласында жалауы желбірейтін шахматшылардың 44-ші олимпиадасына қатысады. Олим­пиада 10 тамызға дейін жалғасады.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.