Ел тарихында тұңғыш рет: Рыбакина Уимблдон турнирінің чемпионы атанды
Ел тарихында тұңғыш рет: Рыбакина Уимблдон турнирінің чемпионы атанды
849
оқылды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдонның чемпионы атанды. Рыбакина Уимблдон әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен бас жүлдені сарапқа салды. Бұл екеуінің де «Үлкен дулыға» жарысындағы алғашқы финалы. Осыған дейін қарсыластар үш рет кездесіп, соның екеуінде Онс Жабер жеңіске жеткен еді. Бір сағат 50 минутқа созылған кездесуде жерлесіміз үш сетте 3:6, 6:2, 6:2 жалпы есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Елена Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасында тұңғыш рет жекелей сында «Үлкен дулыға» жарысының жеңімпазы атанды.