Бұл – ел спортының мерейі - Әшімбаев
Бұл – ел спортының мерейі - Әшімбаев
537
оқылды
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев отандасымыз Елена Рыбакинаның Уимблдон турниріндегі жеңісіне орай Facebook  парақшасында өзінің пікірін білдіріп, құттықтады. "Теннистен Уимблдон турнирінде топ жарған отандасымыз Елена Рыбакинаны бүгінгі жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл – барша қазақстандық жанкүйер қауымның қуанышы және ел спортының мерейі. Жерлесімізге алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз. Жеңісті күндеріміз көп болсын!" –  деген өз құттықтауында.