Софья Берульцева Бүкіләлемдік каратэ ойындарының жеңімпазы атанды
Софья Берульцева Бүкіләлемдік каратэ ойындарының жеңімпазы атанды
1,676
оқылды
Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Софья Берульцева Бирмингемде өткен 2022 жылғы Бүкіләлемдік ойындардың жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды  Olympic.kz. Ол 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Финалда Берульцева испаниялық Мария Торрес Гарсиядан басым түсті. Айта кету керек, бұл турнирге әлемнің ең мықты каратэшілері – бар-жоғы 96 спортшы жиналған.