Қазақстанда бір тәулікте 454 адамнан коронавирус анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 2 837 адам коронавирустан емделіп жатыр. Оның ішінде 291 пациент стационарда, 2 546 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Бір тәулікте елде 454 тұрғын коронавирусқа шалдықты. 14 науқастың халі нашар.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 118,
Алматы қаласында – 200,
Шымкент қаласында – 23,
Ақмола облысында – 7,
Алматы облысында – 30,
Атырау облысында – 16,
Шығыс Қазақстан облысында – 3,
Жамбыл облысында – 17,
Батыс Қазақстан облысында – 1,
Қарағанды облысында – 11,
Қостанай облысында – 3,
Қызылорда облысында – 12,
Маңғыстау облысында – 2,
Павлодар облысында – 5,
Солтүстік Қазақстан облысында – 3,
Түркістан облысында – 3.
Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 309 888-ге жетті.