Рыбакина Қазақстан теннис федерациясынан берілетін сыйақыдан бас тартты
Рыбакина Қазақстан теннис федерациясынан берілетін сыйақыдан бас тартты
Фото: ktf.kz
1,871
оқылды
Елена Рыбакинаға мемлекет тарапынан Уимблдондағы жеңісі үшін сыйақы қарастырылмаған. Спортшының өзі Қазақстан теннис федерациясынан берілетін сыйақыдан бас тартты. Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Елена Рыбакинаның Уимблдон-2022 финалындағы жеңісі үшін мемлекеттен неге төлем алмайтынын түсіндірді.
"Халықаралық жарыстардың чемпиондарын, жүлдегерлерін, сондай-ақ жаттықтырушыларын ақшалай көтермелеу Үкіметтің 2007 жылғы 28 наурыздағы №152 қаулысының негізінде жүзеге асырылады. Уимблдон турнирі коммерциялық болғандықтан, республикалық бюджеттен ақшалай төлемдер қарастырылмаған", – деп хабарлады ведомство.
Елена Рыбакинаның өзі Қазақстан теннис федерациясынан берілетін сыйақыдан бас тартқан.
"Біз Еленаға қаржылай көмек бергіміз келді, алайда ол бас тартты. Одан бөлек, ол жүлде үлесін қайырымдылық пен юниорларды қолдауға жұмсағысы келеді", – дейді ҚТФ вице-президенті Юрий Польский "Матч ТВ" -ға берген сұхбатында.
Бұған дейін  қазақстандық теннисші Елена Рыбакина  Уимблдон турнирінде  тарихи жеңіске жеткенін хабарлаған болатынбыз.