Елена Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
Елена Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
Елена Рыбакина / Фото: © REUTERS / Toby Melville
Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан  Мәдениет және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Бұл туралы  БОРТ №1 Telegram каналы хабарлайды. Елена Рыбакинаға мемлекет тарапынан Уимблдондағы жеңісі үшін сыйақы қарастырылмаған. Спортшының өзі Қазақстан теннис федерациясынан берілетін сыйақыдан бас тартты. Бұған дейін  қазақстандық теннисші Елена Рыбакина  Уимблдон турнирінде  тарихи жеңіске жеткенін хабарлаған болатынбыз.