Таразды қою түтін басты
Таразды қою түтін басты
Фото: inform.kz
537
оқылды
Тараздағы «Казфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытынан шыққан қою түтін қалаға тарады. Жамбыл облысы әкімдігі ресми түсініктеме берді. Түтін басқан қаланың видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.
"11 шілдеде сағат 20.00-де «Казфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында бір реттік түтін шығарылымы орын алды. Алдын ала жүргізілген талдаулардың нәтижесі бойынша фтор қосылыстарының шамалы жоғарылағаны байқалады. Қазіргі уақытта минералды тыңайтқыштар зауыты мен қаланың санитарлық шекарасында азот секілді басқа заттардың көбеюі анықталмаған" делінген хабарламада.
Қазір облыс әкімінің тапсырмасымен экологтар, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары және басқа да жауапты тұлғалардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды.
"Жұмыс тобын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет басқарады. Қазіргі уақытта басқа да аймақтарда зерделеу жұмыстары жалғасуда. Тұрғындарды сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз!" делінген әкімдік таратқан хабарламада.