Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2022 турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстанға оралды. Рыбакинаны елордалықтар әуежайдан күтіп алды.
Чемпионды Нұр-Сұлтан әуежайынан теннисшінің ата-анасы, жанкүйерлері және БАҚ өкілдері күтіп алды.
"Осында келіп, маған қолдау көрсетіп, қолпаштап жатқан барлықтарыңызға алғыс айтқым келеді", – деді Елена Рыбакина.
Бұған дейін Елена Рыбакина турнирдегі жеңісі үшін берілетін Қазақстан теннис федерациясының сыйақысын алудан бас тартқанын хабарлаған болатынбыз.