«Бұл жоба – XIX ғасырдың француз романтикалық операсы секілді шоқтығы биік мәдени құбылысты бүкіл кеш бойы қамтуға жасаған шығармашылық талпыныс. Бұл ұғымның кеңдігі сонша, осынау жалпыланған терминнің ішінде ол көптеген бағыттарға бөлінеді. Гуноның «Фауст», Бизенің «Кармен» немесе Делибтің «Лакме» секілді үш атақты француз операсын атасақ та, олардың романтизм, реализм және ориентализм секілді түрлі ағымдарды білдіретінін көреміз. Концертімізде ұсынылған барлық композиторды жоғары талғамға, тапқырлыққа, кемелдікке, мәнер көркемдігіне, әуен әсемдігіне, драмалық көріністердің көзтартарлығына, әуенді әрі үйлесімді айналымдардың төлдаралығына құштарлық біріктіреді», – дейді Алан Бөрібаев.
Асыл ТҰМАР