Елордада кейбір көшелерде жылдамдық көрсеткіші өзгерді
Елордада кейбір көшелерде жылдамдық көрсеткіші өзгерді
© Сурет интернеттен алынды
487
оқылды
Елордада кейбір көшелерде жылдамдық көрсеткіші өзгерді, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. «Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы 15 ақпаннан бастап Қабанбай батыр даңғылының Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Жаңа әуежай көшесіне дейінгі бөлігінде екі бағытта да жылдамдық режимі сағатына 70 км-ден 60 км-ге дейін төмендейтінін хабарлайды», - делінген хабарламада. Осы аталған жол бөлігінде «Сергек» жүйесі орнатылған.