Тараздағы түтін: «Қазфосфатта» жоспардан тыс тексеру басталды  
Тараздағы түтін: «Қазфосфатта» жоспардан тыс тексеру басталды  
Фото: turaninfo.kz
460
оқылды
Таразда «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар ЖШС Жамбыл филиалы күкірт қышқылы цехында төтенше жағдай болды. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады. Зауытта абсорбердің моногидратты сорғысы істен шыққан. Соның салдарынан газ (күкірт триоксиді) тараған. «Апаттан соң Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің басшылығы мен зертханалық талдау бөлімінің басшысы Тараз қаласының прокуратурасымен бірлесіп, сағат 21.20-да Сүлейманов көшесіндегі зауыттың санитарлық қорғау аймағын өлшеді. Нәтижесінде, фторлы сутегінің едәуір артқаны анықталды. Аммиак, күкіртсутек және көміртегі оксиді бойынша асып кету анықталған жоқ. Сондай-ақ сағат 22.05-те Шайқорық кентінің маңындағы зауыттың СҚА-да ұқсас зиянды заттарға өлшеу жүргізілді»,– делінген ресми хабарламада. Экология департаментінің өкілдері кәсіпорынды тексеріп жатыр. Бұған дейін зауытта құрылғы жөндеп жатқан «Қазфосфаттың» екі жұмысшысы қаза тапқанын жазған болатынбыз.