Мәжіліс депутаттары Абай облысындағы өзекті мәселелерді назарға алды
Мәжіліс депутаттары Абай облысындағы өзекті мәселелерді назарға алды
474
оқылды
Мәжіліс депутаттары Әмірхан Рахымжанов пен Жанат Омарбекова "Amanat" партиясы Семей филиалының активімен кездесті. Әріптестерінің алдында сөйлеген сөзінде мәжілісмендер ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Қазақстанды құру бағытындағы маңызды бастамалар және елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық өзгерістер туралы қысқаша хабардар етті. Депутаттар қазақстандықтарға түрлі салалардағы реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға мүмкіндік беретін еліміздің саяси өміріндегі өзгерістер туралы барынша көбірек білуге тиіс екенін атап өтті. Кездесу барысында семейліктер атап өткен осы өңірге тән өзекті мәселелердің бірі және бірегейі жолдардың нашарлығы. Депутат Әмірхан Рахымжанов өзінің Ақсуат, Көкпекті, Катонқарағай аудандарында және жаңадан құрылған Абай облысының Курчатов қаласында болғанын алға тартып, жолдардың сын көтермейтіндігіне өзі де куә болғанын айтты. Дегенмен, бүгінде жағдай аздап өзгерген.
- Әрине, қалған уақыт ішінде 405 шақырым жолды жөндеу мүмкін емес. Майқапшағай жағынан Зайсанға, Көкпектіден Қалбатауға дейінгі жолды да жөндеу басталды. Ақсуат шекарасынан Көкпектіге дейінгі жолдар мүлде қолға алынбаған. Егер биылғы жылы ең болмағанда 100 шақырым жол жүріп үлгерсе, бұл үлкен алға жылжу болмақ, - деді Әмірхан Рахымжанов.
Жанат Омарбекова өз кезегінде, қаланың ескі ғимараттарын сақтау қажеттілігін айтып, бұл бағытта жұмыс мәдениет министрлігімен бірлесіп жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Депутат Қазақстандағы туризмді дамыту әлеуетіне сенімді. Елде тарихи орындар жеткілікті. Мәселе тек әрбір қазақстандық мәдени мұраны сақтау және туристерді тарту үшін ортақ ортақ құндылықтарды қадірлеуге жұмыла кірісу керек. Жанат Омарбекова Жаңа Қазақстанды құруға әрбір азаматтың қатысуы маңызды деп есептейді. Кездесу барысында басқа да әлеуметтік өзекті мәселелер қозғалып, ұсыныс-пікірлер айтылды.