Алматыда есірткі жасайтын жасырын зертхана жойылды
Алматыда есірткі жасайтын жасырын зертхана жойылды
Алматыда есірткіні қолдан жасап, оны интернет арқылы сатумен айналысқан екі азамат ұсталды. Операция барысында Алматы және ҚР басқа өңірлерінің аумағында Интернет арқылы «Альфа-PVP» синтетикалық есірткілерін қолдан жасап, өткізуді ұйымдастырған екі азамат ұсталды, деп хабарлайды  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
«29 маусымда Алматы мен оның маңында шамамен 16 кг «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 кг есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді. «Қара нарықта» тәркіленген есірткі құралдарының құны жарты миллиардтан астам теңгеге бағаланады»,-деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары сотқа дейінгі тергеуге алынды.