WhatsАpp үшін тұтқындалды
WhatsАpp үшін тұтқындалды
379
оқылды
Жуырда Ақмола облы­сының Шортанды елді ме­кенінің тұрғынын поли­ция қызметкерлері Whats­App мессенджерінде жаз­ған аудиотаспасы үшін тұт­қындады. Ішкі істер са­ласының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мо­ниторинг жасау бары­сын­да WhatsApp-тағы топ­тар­дың бірінен заңға қайшы әрекет жасауға шақырған аудиотаспаны анықтаған. Полицияның жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Ақмола облысының 50 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша іс қозғалып жатыр. «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру» деп аталатын бұл баптың тармақта­ры әдетте ұлтараздығына, діни төзбестікке, нәсілшілдікке ша­қырған азаматтарға байланысты қолданылады. Әзірге ұсталған азаматтың нақты қандай ақпарат таратқаны беймәлім, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тек оның 8 ақпан күні тұтқындалғаны белгілі болды. Сонымен қатар Алматыда да екі азаматтың арандату жасағаны үшін ұсталғаны анықталды. Қалалық полиция департамен­тінің деректеріне қарағанда, 1987 және 1990 жылдары дүниеге келген екі азамат мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды көпшілік жиі ба­ратын жерлерге жиналуға ша­қырып, заң бұзатын әрекеттер жасауға үндеген. Құқық қорғаушылар әлеу­мет­тік желі қолданушыларын адамның жеке басын, ұлттық құндылықтары мен діни сенімін қорламауға, тәртіпсіздікке ша­қырудан абай болуға үндеуде. Мұндай әрекеттер үшін еліміздің заңнамасында қылмыстық жа­уап­кершілікке тарту қарасты­рыл­ған.