Шымкентте тергеу кезінде қайтыс болған Нұрболат Жұмабаевтың ісі: сот отырысы неге кейінге шегерілді?
Шымкентте тергеу кезінде қайтыс болған Нұрболат Жұмабаевтың ісі: сот отырысы неге кейінге шегерілді?
Фото: paryz.kz
1,111
оқылды
Шымкенттегі Полиция департаментінде осыдан 7 ай бұрын тергеу кезінде Нұрболат Жұмабаев қайтыс болды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады. Нұрболат Жұмабаевты өлтірді деген күдікке 4 полицей ілінген. Оның ата-анасы Полиция департаментінің ғимаратына аман кіріп, мәйіті шыққан ұлының өліміне қатысты сот отырысына Қостанайдан Шымкентке екінші рет барды. Бірақ сот отырысы бұл жолы да кейінге шегерілді. Марқұм Нұрболат Жұмабаевтың әкесі Ерғара Жұмабаев: «Бұл процесс әділетті басталып тұрған жоқ. Адвокатты сылтау қылып... Біз 2 мың шақырым жерден Шымкентке екінші рет келіп тұрмыз. Міне, 2-рет сот отырысын тағы да кейінге қалдырып жатыр. Бес-алтаудан адвокаты бар. Соған қарамастан, "2 адвокаты жоқ" деп сотты кейінге қалдырды. Әділетті шешіледі деп ойлап отырған жоқпыз. Жоғары сотқа береміз. Болмаса халықаралық сотқа береміз», – дейді. Нұрболат Жұмабаев досы Сергей Петровпен бірге былтыр желтоқсан айында көлік ұрлады деген күдікке ілініп Шымкенттің Полиция департаментіне жеткізілген еді. Алайда, тергеуге өз аяғымен барған 30 жастағы жігіттің ғимараттан өлі денесі шықты. Сот отырысына күдіктілердің адвокаты түгел келмеген соң, сот 18 шілдеге шегерілді.