Атыңнан айналайын, Қарқаралы!
Атыңнан айналайын, Қарқаралы!
1,893
оқылды
Елдіктің нышаны, ерліктің белгісі – ен таңба, Елтаңба! Тұтас елдің тарихын, өткені мен бүгінін айшықтайтын тарихи жәдігерлер кең-байтақ қазақ даласының әр қиырында кездеседі. Алайда оны зерттеп, зерделеуге ес жиып, етек жауып, шекараны айқындап егемен ел болған соң ден қоя бастады. Қазақ тарихына қатысты құнды жәдігерлердің тарихы туралы сүбелі еңбек, жан-жақты зерттеу үздіксіз жүргізілуі тиіс. Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді насихаттау, қолданудың нормативтік-құқықтық жүйесін бақылау үшін Геральдикалық зерттеулер орталығы құрылып, Асылбек Байжұмаұлы директоры болып тағайындалды. Жуырда тасқа басылған тарихи деректер негізінде «Қазақ геральдикасы» кітабы жарық көрді. Орталық директоры ен таңбалармен етене танысамын деген оқырман үшін «Қазақ геральдикасы» кітап-альбомының 200 данасын Ұлттық академиялық кітапханаға табыстады.  width= Асылбек Байжұмаұлының айтуынша, геральдика – өткен ғасырлардың тарихы.
«Тарихты зерттейтін ғалымдармен бірлесіп, «Қазақ геральдикасы» кітабын шығардық. Бүгінде қазақ тарихынан сыр шертетін нышандардың кейбірі қолданылып жүр. Ұмыт болған геральдикалық белгілер мен иероглифтерді ғалымдар зерттеп жатыр», – деді Асылбек Байжұмаұлы.
Қазақ геральдикасының арғы-бергі тарихын жүйелі зерттеу, оны насихаттауды қолға алған Асылбек Байжұмаұлы тарихи жерлерді аралап, қалың елге таныстыруды мақсат етіп отыр. Себебі, қалада конференц зал, кабинеттерде «біздерге мынадай бар, мынадай бар...» деп тарихи жәдігерлер туралы жиналыс, мерейтой өткізгеннен ел жалықты. Тіпті, тарихи күндерге мән бермеуге айналды.    width= Сондықтан қазақ тарихын елге етене жақын таныстыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығы және «Тұғырыл хан – Оң хан» корпоративтік қорының бірлесіп ұйымдастыруымен, Қарағанды облысы  Қарқаралы ауданы әкімдігінің қолдауымен өлкенің тарихымен танысып, әлі де зерттелмей жатқан қорымдар мен қорғандарды аралап қайттық. Суреттер сөйлесін... Қарқаралыға Елтаңба авторы, сәулетші, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, «Барыс» орденінің иегері Жандарбек Мәлібеков көш бастап барды.    width= Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайын әуел баста әскери бекініс ретінде іргетасы қаланған өңірдің көне тарихы мен күні бүгінге дейінгі тыныс-тіршілігімен түгел таныстырды.    width=  width= Қарқаралының кіреберісіндегі Қарқабат ананың еңселі ескерткіші Тарихи деректерге сүйенсек, Қарқаралы өңірінде Қарқабат ана есімі Ұлы жүзге аты мәшһүр Домалақ анадай ұлықталады. Себебі, жыр сүлейі Біржан сал (Қожағұлұлы (1834-1897 ж.ж) ред.) ақын Сарамен айтысында: «Қарқабат, Қарақожа – ата-бабам, Осындай ерегесте қолдай-тұғын!..» деп жырлайды. Қарқабат ананың есімі бүкіл арғынның атасы саналатын Қарақожамен қатар аталуы тегін емес.  width= Қарқаралы орталығындағы «Ұлтына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» дейтін Әлихан Бөкейханмен бірге Алаш арыстарына қойылған ескерткіш  width= Аудан әкімі Ерлан Құсайын туған жердің тау-тасының тарихын, Қарқаралының тұмса табиғатын, шежірелі өңірдің жақсысы мен жайсаңын, сонымен қатар аймақтың бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырып, алдағы уақытта іске асатын жобаларға да тоқталды.    width= Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойында жарық көрген кітап Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің "Қасымтану" ғылыми-зерттеу орталығы Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби-сын мақалалар, естеліктер, шығармалары топтастырылған.  width= Елтаңба авторы, абыз ақсақал Жандарбек Мәлібеков туған елдің ертеңі мен бүгіні үшін еңбек етіп жүрген ел азаматына бойтұмардай Елтаңба төсбелгісін табыстап, қазақ,орыс, ағылшын тілінде жарық көрген Елтаңбаның тарихы туралы кітапты сыйға тартты.  width=  width=    width=  width= Аудан орталығындағы Мәдениет үйі [caption id="attachment_205775" align="alignnone" width="1280"] width= Сал-серінің ізі қалған Қарқаралының қойтасында домбыра шертіп отырған қазақтың қара домалақ баласына қойылған ескерткіш[/caption] "Атыңнан айналайын, Қарқаралы, Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады. Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай, Мен бір жан қуғын көрген Арқадағы. Басында Үшқараның балғын едім, Көкорай сазға біткен шалғын едім. Екінің бірі болсам арманым жоқ, Мен туған бір атадан жалғыз едім". Мәди Бәпиұлы  width= Қарқаралыда Құнанбай қажы салдырған мешіт Мешіт құрылысы 1850 жылы қаңтарда басталып, 1851 жылы 11 тамызда аяқталған. Мешіт салу бастамасы 1847 жылдан басталған, Құнанбай қажымен қоса игі бастамаға 16 болыс қол қойған. Аға сұлтан, майор Құсбек Тәукеұлы мөр басқан мешіт салу туралы акт дуанға тапсырылған. Онда құрылыс үшін халықтан қаржы жиналатыны айтылады. 1849-52 жылдары Қарқаралы округіне аға сұлтан болған Құнанбай қажы мешіт салдыруды бастап, табандылықпен соңына дейін жеткізгендіктен мешіт халық арасында Құнанбай қажы мешіті деп аталып кеткен.    width= Кейінірек мешіт жанынан медресе, шәкірттер үшін жатын орын, молдалар үйі бой көтереді. Құнанбай мешіті Қарқаралы округіндегі ислам дінін уағыздауға, балалардың қара танып, сауат ашуына қызмет еткен.  width= Құнанбай қажы салдырған мешіттің тоз-тозы шығып, жойылып кетуге шақ қалғанда қайта қалпына келтіру үшін 1989 жылы қарашада аймақтағы елдің шақыруымен Алматы қаласынан Қазақтың мәдени-тарихи ескерткіштерін қорғау және қайта жабдықтау конструкторлық жобалау институты мен Көркем-сурет Ғылыми-реставрациялау өндірістік бірлестігінің мамандары 1991 жылы Құнанбай мешітін бастапқы қалпына келтірді. Содан кейін 2001-2002 жылдары және 2011 жылы қайта жөнделді.  width= Құнанбай мен Абай ескерткіші  width=
Құнанбай қажы мешітін Хасан Сайфуллаұлы, Қайролла қажы Юсупұлы, Көмекбай Жетпісұлы, Сыздық қажы Амандосұлы, Оралбек молда, Мерхайдар Сейфуллин имам болған.
 width=    width= Қарқаралы тарихи-өлкетану музейі Көне ғимаратта 1918 жылы Совдеп (әкімшілік орталық) орналасқан. Мемлекет қайраткері Н.Нұрмақов, М.Татимов, А.Асылбеков, Ө.Жәнібековтер қызмет атқарған. 1934 жылы С.Киров келіп, партиялықтармен жиналыс өткізген.  width= Қоянды жәрмеңкесінде қаржы тасымалдауға қолданылған сегіз тұтқасы бар темір сандық.  Қазіргі цифрлы сейфтерден де ашылуы құпия сандық 1845 жылы Ресейде жасалған. 1848 жылы Қоянды жәрмеңкесінен түскен қаржыны осы сандықта сақтаған.
Сандықты ашудың көрер көзге байқалмайтын құпиясы бар. Ұры-қарыдан сақтық үшін кілті болса да, құлпын екінің бірі аша алмайды. Сандықтың құлпын ашу үшін әуелі кілттің жанындағы нүктедей қуыстағы құлыптың темірін басу керек. Содан кейін кілтпен құлыпты ашуға (видео) болады.
https://youtu.be/EHXzXM6yb48    width= Сандықты музейге Қарқаралы аудандық қазына басқармасының басшысы Мұрат Тойынбеков тапсырған.    width= Музейдегі жиналмалы үстел көне заманда бөлме ішінде орын алмау үшін тұрмыста кеңінен қолданылған.  Музей 1977 жылы 7 қарашада Ұлы Отан соғысы ардагері Ә.Аймақов, С.Аманбаев, Б.Иманқұлов, Ш.Мезгілбаев, Н.Спатаевтардың бастамасымен құрылған. Музейді құруға Б.Дуанбеков, Қ,Баймұханбетов, Ж.Қадауов, Е.Едігин, С.Түсіпбеков, М.Әубәкіров, Т.Тохметов, Б.Ахметова, А.Омарбаев, А.Ахметов атсалысты. Музей кеңесінің төрағасы Ш.Мезгілбаев болған.  width= Музей Қазақ КСР Министрлер кеңесінің 1979 жылдың 5 қазанындағы №511 өкімі және Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің 1979 жылдың 11 қазанындағы №462 бұйрығы негізінде Қарағанды облыстық музейінің филиалы болып ашылды.    width=

Көненің көзі балбалтастың қақ ортасында бокал бейнесі қашалып, салынған. 

 width= 1980 жылдан Қарқаралы тарихи-өлкетану музейі болып аталады. Музей қорында 8300-ге тарта жәдігер бар. Тарихи жәдігерлерге толы 7 залда Қарқаралының тарихы түгел қамтылады.  width= Қарқаралының балбалтасын көзінің қарашығындай сақтап, қызғыштай қорып жүрген Ауған соғысының ардагері Серік Қуанұлы Жұмабек.     width= Серік Жұмабектің айтуынша, кең даладағы балбалтастарды кеңес заманында бордай үгітіп, қора-қопсы салған. Тарихи қорымдар тоналған. Күні бүгінге дейін басы бүтін жеткені, көмескі ізі қалған мұртты қорғандардың тарихын зерттеу керек.  width=  width=  width=    width= Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасарын Сайлау Әлиұлының айтуынша, тарихы тереңде жатқан Қарқаралы өңірінің әрбір тау-тасы мен сай-саласы құпиясы толық зерттеле қоймаған. Болашақта өлкеге ғылыми-зерттеу жүйелі түрде жүргізілсе деген ұсынысын да айтты. Тасқа басылған тарихты зерттеп қана қоймай, әрбір құнды мұраны ел-жұртқа таныстыру, насихаттау парыз.  width=    width=    width=    width=

Нұр-Сұлтан – Қарқаралы – Нұр-Сұлтан