Армениялық көліктердің көбеюіне алыпсатарлар кінәлі
Армениялық көліктердің көбеюіне алыпсатарлар кінәлі
Фото: Интернеттен алынды
258
оқылды
Еуразиялық коммуникация орталығының директоры Алексей Пилько Қазақстандағы армениялық автокөліктердің неліктен проблема туындатқан себебін айтты. Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органдары бұл сауалға дер кезінде көңіл бөлмеген. Армения одақ құрамына кіргеннен кейін бұл елде 2020 жылға дейін әкелінетін автокөліктерге кеден салығы төмен болған. Осыны пайдаланған алыпсатарлар түрлі айламен бұл көліктерді Қазақстанға әкеп жүрді. Алексей Пильконың айтуынша, одаққа мүше бес елде бірыңғай кеден салығы қолдана бастағаннан кейін мұндай мәселе болмайды. Еуразиялық коммуникация орталығының директоры Алексей Пилько:
«Бұл – одақ әлі дамып жатқанынан туындаған мәселе. Бүкіл одақ бойынша тауарлардың барлық түріне кеден салықтарын тез арада теңестіріп, Бірыңғай кеден кодексін енгізуге кірісу қажет. Еуразиялық экономикалық комиссия ширақ қимылдап, бірыңғай тарифтер мен салыққа қатысты проблеманы тезірек шешкенде, осындай мәселе шықпас еді», – деді.