Қазақстандық балуан Grand Slam сериясы турнирінде алтын алды
Қазақстандық балуан Grand Slam сериясы турнирінде алтын алды
486
оқылды
Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шәмшадин Загребте (Хорватия) өткен Grand Slam сериясы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол 60 кг-ға дейінгі салмақта алтын медальды жеңіп алды. Финалда Шәмшадин кореялық Вон Джим Кимнен басым түсті. Балуандар ұзақ уақыт бір-бірін ала алмай жүрді. Аяғанда Ким үшінші рет ескерту алып, Шәмшадин жеңімпаз атанды, ал Корея өкілінің күміс медальды місе тұтуына тура келді.