12 жастағы Әлинұр Хамзин Славян базары-2022 халықаралық балалар музыкалық байқауында лауреат атанды.
Ол бәсі жоғары өнер додасында екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Байқаудың алғашқы күнінде Әлинұр Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Қазағым-ай» әнін орындады. Қазылар алқасы жерлесіміздің өнерін жоғары бағалады. Ал екінші күні ол Уильям «Смоки» Робинсонның Who'sLovin'You әнін шырқап, 68 ұпай еншіледі. Осылайша, жас әнші жалпы 138 ұпай жинап, лауреат атанды.
Бұған дейін ол Junior Eurovision байқауында, Ташкенттегі «Роза востока» халықаралық конкурсында өнер көрсеткен. Сондай-ақ ол бірқатар айтулы өнер сайысында үздік атанды.