Жатақхананың жайын айтты
Жатақхананың жайын айтты
429
оқылды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облыстық департаментінің Арнайы мониторинг тобы AQMOLA – Adaldyq Alańy жобалық кеңсесімен және Jas Otan Жастар қанатының филиалымен бірлесіп, сондай-ақ облыстық мәслихат хатшысы Әлібек Баймағамбетовтың қатысуымен Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледждің №2 жатақханасына мониторинг жүргізді. – Мониторинг барысында өрескел заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Ғимараттың әрбір қабатында кір жу­ғыш машиналар, асүй жабдықтары, тоңазытқыштар бар. Алайда қоғам өкіл­дері жатақхананы ас дайындап, тамақ ішуге қолайлы болу үшін асүй керек-жарағымен қосымша жаб­дықтау қажетін атап өтті. Сондай-ақ то­зуына байланысты бөлмеаралық есік­терді ауыстыру қажет. Студенттік бөлме­лерде жеке пайдалануға арналған ке­реует жа­нын­дағы тумбочкалардың са­ны жеткі­ліксіз екені анықталды. Жа­тақ­ханада бейне­бақылау камера­лары жұмыс істейді, бірақ жедел жағ­дайды барынша тиімді қада­ғалау, тәртіпті сақтау және студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша ка­мера­лар­ды пайдалану қажет, – деді ведомстводан. Жатақхана басшылығының ай­туынша, бұл мәселе жақын арада ше­­ші­леді. Студенттердің қауіпсіздігі үшін жатақханада күзет бекеті жұмыс істейді. Ал студенттер мен келушілердің рұқсаттамасы қағаз талондар бойынша жүретінін атап өткен жөн. – Мониторинг қорытындысы бо­йын­­ша жұмыс тобы жатақхана әкімші­лі­гіне анықталған кемшіліктерді жою жөнінде бірқатар тиісті ұсыныс айтты. Студенттік жатақханалардың жетіспеуі – мемлекет үшін аса өзекті мәселе. Осы мәселені шешу аясында аймақта 2 328 орындық 6 білім беру ұйымына арналған студенттік жатақхана құрылысы бойын­ша дайындық жұмыстары жүруде, – делінген мәліметте. Айта кетейік, бұл бағыттағы жұ­мыс­тар одан әрі жүйелі түрде жалғасатын болады.   Абылайхан ЖҰМАШ